Бұл туралы елдің ІІМ басшысы Сүлейман Сойлу хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Дәл қазір табиғи апат құрбандар саны 43 556 адамды құрайды. Өкінішке орай, олардың қатары толығып келеді", — деді Сойлу TRT Haber арнасына берген сұхбатында.
7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында болғанын еске саламыз. Қазір Түркияның зілзаладан зардап шеккен 11 провинциясында қалпына келтіру жұмыстары басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу