Түркияда "Қазақ-түрік бауырластығы" ескерткіші орнатылды

695

​Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Бағжылар ауданында "Қазақ-түрік бауырластығы" ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Отандастар қорына" сілтеме жасап.

Түркияда "Қазақ-түрік бауырластығы" ескерткіші орнатылды

Алтайдан Анадолыға қоныс аударған қазақтардың Түркия мемлекетін мекендеуіне 70 жыл толуы қарсаңында бой көтерген бұл ескерткіш – екі ел арасындағы туыстық, достық қарым-қатынастың айрықша белгісі. Авторы – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркемсурет Академиясының бірінші вице-президенті, белгілі суретші, режиссер, тележурналист Жанұзақ Мүсәпір.

Іс-шараны Қазақстанның Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев салтанатты түрде ашып берді.

Бағжылар ауданының мэрі Абдулла Оздемир мырза Түркияда тұрып жатқан қазақ ұлтына өз ризашылығын білдіріп, құттықтауын жеткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, қазақ ұлтының қилы тарихына тоқталып, түрік халқының бауырластығын тілге тиек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу