Түркияда қазақстандық катодты мысқа деген сұранысты екі есе артты

218

Катодты мыс электр кабельдері мен сымдарын өндіру үшін электротехникада қолданылады.

Түркияда қазақстандық катодты мысқа деген сұранысты екі есе артты Фото: qazaqstan.tv

Биыл қаңтар айында катодты мыс экспортының көлемі 42,9%-ға – 29,2 мыңнан 41,7 мың тоннаға дейін өсті. Бұл туралы "QazIndustry" АҚ ТМК және химия саласын дамыту дирекциясы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өсім көрсеткіші негізінен өнімге деген сұраныстың Түркияда екі есеге (6,6 мыңнан 13 мың тоннаға дейін) және Қытайда - 63,7% - ға (16,3 мыңнан 26,7 мың тоннаға дейін) ұлғаюы есебінен қол жеткізілді.

Отандық мысты тұтынушы негізгі елдердің қатарына Қытай (63%), Түркия (31%) және Латвия (4%) кірді.    

Қазақстандағы катодты мыстың жетекші өндірушілері "Қазақмыс Смэлтинг" (Жезқазған), "Қазмырыш" (Өскемен), "Коунрад Мыс компаниясы" (Балқаш) компаниялары.

Катодты мыс электр кабельдері мен сымдарын өндіру үшін электротехникада қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу