Түркияда қазақстандық шеберлер жасаған Көроғлының алып ескерткіші орнатылды

1859

Аталған мүсінге 2016 жылы халықаралық байқау жарияланып, оған 7 мемлекеттен  9 үміткер қатысқан болатын.

Түркияда қазақстандық шеберлер жасаған Көроғлының алып ескерткіші орнатылды Фото: inform.kz

Түркияда күллі түркі жұртына ортақ тұлға Көрұғлының ескерткіші бой көтерді. Туындыны қазақстандық шеберлер жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Ескерткіш Түркияның Болу қаласына үшке бөлшектеліп жеткізілді. Аумағы 5 мың шаршы метрді алып жатқан Көрұғлы саябағына орнатылған алып мүсіннің биіктігі –  70 метр. Жалпы Болу қаласының өзі теңізден 700 метрдей жоғары тұр. Сондықтан көк тіреген тарихи ескерткішті қаланың қай қиырынан да көруге болады.

Еске сала кетейік, Аталған мүсінге 2016 жылы халықаралық байқау жарияланып, оған 7 мемлекеттен  9 үміткер қатысқан болатын.

Халықаралық әділқазылар алқасының шешімімен ескерткішті қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұров жасайтын болған. Жобаның аннотациясын белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменов жазды.

Айта кетсек, елімізге белгілі мүсінші Мұрат Мансұров көптеген отандық туындылардың авторы, атап айтқанда, "Мәңгілік Ел" монументі (Астана, 2011 жыл), Қазақ хандығының  550 жылдығына арналған монумент, (Тараз, 2015 жыл), Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш (Қызылорда, 2018 жыл), Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова арналған ескерткіш (Астана, 2018 жыл) және тағы басқалар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу