Түркияда қонақ үйлердің 40%-ы босап қалды

641

Туризмнің тұралауына негізгі себеп коронавирустың қайта өршуі емес, қымбатшылық болып тұр.

Түркияда қонақ үйлердің 40%-ы босап қалды

Әдетте дәл осы кезде түріктер, туристерді орналастыратын жер таппай қиналатын. Қазір саяхаттап келетін қонақтар қатары азайған. Негізінен еуропалықтар демалуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Жергілікті халықтың демалыс орындарына баратын шамасы жоқ. Өйткені жылдық инфляция 80 пайызға жуықтап, олардың қалтасы қағылған.

Ресейліктер де баға аспандап кеткен соң, Түркияда демалудан бас тартқан.

Бүгінде туристік жолдама, былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге жуық қымбаттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу