Түркияда конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдум 16 сәуірге белгіленді

1204

Түркияда конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдум 16 сәуірге белгіленді

Түркия конституциясына президенттің өкілеттігін айтарлықтай кеңейтетін өзгерістер енгізу мәселесі жөніндегі референдум 16 сәуірде өтеді, деп хабарлады бейсенбі күні  Түркияның әділет министрі Бекир Боздаг.
"Референдум өтетін күн 16 сәуірге жоспарланған", – деп мәлімдеді ол TRT телеарнасының эфирінен.

Дегенмен, түрік ақпарат құралдары референдум өтетін күнді ресми түрде Түркия президенті Режеп Тайып  Ердоған мәлімдейді деген ақпарат таратып отыр. 
Конституцияға бірқатар өзгерістер пакетін парламентке билеуші Әділдік және даму партиясы  ұсынды. Түзетулер  президентке вице-президенттер, министрлер мен  жоғары лауазымды шенеуніктерді тағайындау, министрліктерді құру, тарату, құзіреттері мен құрылымдары бойынша шешім қабылдау  жөнінде құқық береді.  Сонымен қатар премьер лауазымы жойылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу