Түркияның Ыстамбұл қаласында көпқабатты үй опырылып, салдарынан 20-дан астам адам ажал құшты. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Сулейман Сойлу хабарлады, деп жазады 24.kz.
Оқиға орнында құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр. Мамандар іздестіру жұмыстарына ауыр техниканы қолданудан бас тартты.
Естеріңізге салайық, жуырда Ыстамбұл қаласында 8 қабатты тұрғын үй опырылып түскен болатын.
Жергілікті әкімшіліктің соңғы ақпаратына сүйенсек, кеше опырылған ғимараттағы 14 пәтерде 43 адам тұрған. Оннан астам адам құтқарылды.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала ақпар бойынша, апат соңғы қабаттардың заңсыз салынуынан болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу