banner

Түркияда коронавирус тіркелді

896

Науқас Еуропа елдерінің бірінен келген.  

Түркияда коронавирус тіркелді

Түркияда Covid-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан. 

Науқас Еуропа елдерінің бірінен келген. 

"Ер азаматтан коронавирусті анықтауға бағытталған тест оң нәтиже көрсетті. Науқас Еуропадан келген. Ол толықтай оқшауланды. Емделушінің жағдайы орташа. Ол байланысқа түскен отбасы мүшелерінің барлығы бақылауға алынды", – деді Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа "Хюрриет" басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол отандастарын шетелге саяхаттаудан бас тартуға шақырды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу