Түркияда Құрбан айтқа жиналған 14 мың адам жарақат алды

218

Түркия Денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлу әлеуметтік желідегі X парақшасында құрбан шалу рәсімі кезінде 14 мыңнан астам адамның түрлі жарақаттармен ауруханаларға жүгінгенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркияда Құрбан айтқа жиналған 14 мың адам жарақат алды Фото: ren.tv

Жарақат алғандар саны бойынша Анкара алда (1 049 адам), одан кейін Ыстанбұл (753 адам) және Конья қаласы (655 адам) тұр.

"Құрбан шалу кезінде жарақат алған 14 372 адам медициналық мекемелерімізге жүгінді. Біз құрбан шалу рәсімін тек кәсіби мамандар орындауға тиіс екенін тағы да ескертеміз және бұл рәсімді әлі өткізбеген азаматтарымызды сақ болуға шақырамыз. Барша жарақат алған жандарға Алла шипасын берсін, тез сауығып кетуін тілеймін", – деп жазды Мемишоғлу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу