Түркияда Құрбан айттың бірінші күні 16 мың адам жарақат алды

224

Құрбан шалу кезінде санитарлық нормаларды сақтамаған бірнеше мың адам медициналық көмекке жүгінген. 

Түркияда Құрбан айттың бірінші күні 16 мың адам жарақат алды Фото: eadaily

Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның айтуынша, құрбандыққа шалу дәстүрі процесінде кезінде көптеген адам жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрбан айт мейрамының бірінші күні елдегі медициналық мекемелерге жануарларды құрбандыққа шалу кезінде жарақат алған 16 мыңдай адам жүгінген, - деп жазды министр Х (бұрынғы Twitter) желісінде.

Сонымен қатар ведомство басшысы Анкарада – 1274 адам, Ыстанбұлда – 840 адам және Измирде 416 адам зардап шеккенін нақтылады.

Жергілікті атқарушы биліктің қойған талаптарына сәйкес, құрбандыққа шалынатын мал санитарлық нормаларды сақтай отырып, арнайы дайындалған орындарда жүзеге асырылуға тиіс.

Алайда Түркияда бұл талап үнемі сақтала бермейді. Жыл сайын Құрбан айт мерекесінде мыңдаған тұрғын жарақат алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу