Түркияда күшті жер сілкінісі болды

749

Жер сілкінісінен соң сейсмологтар 20-дан астам афтершок тіркеген. 

Түркияда күшті жер сілкінісі болды Фото: Elements.envato.com

Түркияда магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді. Күшті жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 10:46-да Малатия провинциясынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісінің ошағы шамамен он шақырым тереңдікте болған. Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жөнінде ақпарат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу