Түркияда лаңкестер полиция бөлімшесіне шабуыл жасады

658

Түркияда лаңкестер полиция бөлімшесіне шабуыл жасады

Түркияда тағы да террорлық оқиға. Бұл жолы бір топ лаңкес Диярбақыр провинциясының Чынар аудандық полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады. Абырой болғанда қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Оқиға кеше түнде жергілікті уақытпен 21:30 шамасында тіркелді. Қаскөйлер жылжымалы зымыранды қондырғымен ғимаратқа қашықтықтан оқ жаудырып, арты қарулы қақтығысқа ұласқан. Қазір күш құрылымдары қылмыскерлерді ұстау үшін кең ауқымды операция жүргізіп жатыр. Операцияға арнайы жасақ пен тікұшақ жұмылдырылды. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.

Бұл Чынар ауданының полиция бөлімшесіне жасалған алғашқы шабуыл емес. Былтыр 14 ақпан күні Күрдістан жұмысшы партиясының содырлары мекеменің жанында бомба тиелген көлікті жарып жіберіп, тәртіп сақшыларына оқ атқан. Шабуыл кезінде 6 кісі қаза тауып, 38-і жараланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу