Түркияда Ирак пен Леванта лаңкестік тобының 12 мүшесі тұтқындалды. Олардың барлығы Мерсин провинциясындағы рейд барысында қолға түскен, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, күдіктілер 16 сәуірде өтетін конституциялық референдум кезінде лаңкестік әрекет ұйымдастыруды жоспарлаған. Тексеру барысында олардан экстремистік сипаттағы әдебиеттер табылған.
Айта кетейік, жексенбіде Түркияда конституцияға өзгертулер енгізу туралы референдум өтуі тиіс. Онда парламенттік республиканы президенттік басқару түріне көшіру мәселесі шешіледі. Бұған дейін құжатты парламент мақұлдап, президент қол қойған болатын. Егер халықтың дені өзгертулерді қолдап дауыс берсе, 2019 жылдан бастап күшіне енуі тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу