Түркияда локдаун күшейтіледі

720

Алкоголь, электроника өнімдері, ойыншықтар, кеңсе, киім, автомобиль аксессуарлары, ыдыс-аяқ сатуға тыйым салынды.

Түркияда локдаун күшейтіледі Фото: rbc.ru

Түркия билігі жалпы локдаун шектеулерін күшейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Локдаун кезінде адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатымен 7 мамырдан бастап дүкендер мен желілік супермаркеттерде тек азық-түлік пен гигиена өнімдерін, мал азығы мен косметикалық өнімдерді (парфюмерия мен макияж құралдарын қоспағанда) сатуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды", – деп жазылған ведомство мәлімдемесінде.

Алкоголь,электроника өнімдері, ойыншықтар, кеңсе, киім, автомобиль аксессуарлары, ыдыс-аяқ сатуға тыйым салынды. 

29 сәуірде ел президент Реджеп Тайып Ердоған локдаун жариялаған еді. Шектеулер 5 мамырға дейін енгізілді. Арнайы анықтама қағазын алған тұрғындарға ғана басқа қалаларға баруға рұқсат беріледі. Локдаун кезінде қонақүйлер мен кеңселердің жұмысы шектетіледі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу