Түркияда локдаунның қашан аяқталатыны жарияланды

798

Шектеу 29 сәуірде жарияланған еді.

Түркияда локдаунның қашан аяқталатыны жарияланды

Түркиядағы локдаун 17 мамырда аяқталады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ел президенті Реджеп Тайып Ердоғанның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының айтуынша, билік індетті бақылауға алып, Рамазан айы аяқталысымен жағдайды тұрақтандыруға қатысты шаралар қабылдамақ. Президент коронавируспен күресу үшін қолдан келгенді жасайтынын айтты. 

"Біз қазіргі проблемаларды 20 жыл бұрын қалай шештік, солай шешеміз. Ол уақытта еліміз саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан әлсіз болған еді. Бүгінде Түркия аймақта және әлемде зор ықпалы бар елге айналды", – деді Ердоған.

Ақпан айында Түркияда індет өрши бастаған еді. Сәуірдің соңында елдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар санының рекордтық деңгейге жеткенін хабарлады. Осыған байланысты Ердоған 29 сәуірден бастап 17 мамырға дейін жалпыұлттық локдаун жариялады. Бірақ туристер үшін коменданттық сағат режимі енгізілмеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу