Түркияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
"Маймыл шешегін азаматтарымыздың бірі жұқтырды. Науқас 37 жаста, иммундық жүйесінің жетіспеушілігі бар. Ол қазір оқшауланған. Динамикалық бақылау жүргізілді", – деді Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.
Ол қай қалада инфекция тіркелгенін жарияламады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, осы күнге дейін маймыл шешегі 50 елге жетіп, 3 413 адам дертке шалдыққан. Дегенмен ұйым бұл ауру халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай болып саналмайды деген пікірде.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу