Түркияда наразылыққа қатысқан 400-ге жуық адам ұсталды

117

Акциялар Ыстанбұл қаласында өткен. 

Түркияда наразылыққа қатысқан 400-ге жуық адам ұсталды Фото: artskah.news

Ыстанбұлда 1 мамырда наразылықтарға қатысқан 400-ге жуық адам ұсталды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ыстанбұл адвокаттар алқасының хабарлауынша, Түркия азаматтары Таксим алаңы арқылы бейбіт түрде өткісі келген, бірақ заңсыз ұсталған. Ұсталғандардың арасында 11 заңгер бар. Адвокаттар алқасы бұл әрекетті заңсыз деп отыр.

Қала билігі Таксим алаңында жаппай акцияларға шығуға тыйым салған. 2024 жылы шенеуніктер бірінші мамырда наразылықтарды өткізуге келісім берген жоқ. 

Ыстанбұлдың Таксим алаңында бірінші мамырдағы алғашқы жаппай шеру 1976 жылы кәсіподақ бірлестіктерінің бастамасымен өтті. Бір жылдан кейін наразылықтар кезінде 30-дан астам адам қаза тапты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу