Түркияда неміс журналисі лаңкестікке қатысы бар деп айыпталды

870

Түркияда неміс журналисі лаңкестікке қатысы бар деп айыпталды

Ыстанбұлда "Вельт" басылымының журналисті Дениз Юсел қамауға алынды деп хабарлады сейсенбі күні Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Д.Юсел осы жылдың 14 ақпанында Түркиядағы заңсыз деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясының басшысынан сұхбат алғаннан кейін ұсталған.

Түркияның және Германияның азаматы болып саналатын 43 жастағы журналиске өшпенділікті өршітіп, лаңкестікке үгіт жасады деген айып тағылуда деп көрсетілген хабарламада.

ГФР канцлері Ангела Меркель оқиға туралы өз пікірін білдіріп, оны "өкінішті және көңіл қалдыру" деп атады.

"Дениз Юселдің түрік құқық қорғау органдарына өзі беріліп, тергеуге көмектесіп жатқанын ескеретін болсақ, бұл шаралары тым қатал", – деді ол.

"Германия үкіметі Түркия құқық қорғау органдары Д. Юсел ісін қарауда демократиялық қоғамда сөз еркіндігінің  маңыздылығын ескерер", – деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу