Түркияда оқып жатқан Қазақстан студенттеріне Елшілік үндеу жасады

1157

​Қазақстан Елшілігі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттерге үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркияда оқып жатқан Қазақстан студенттеріне Елшілік үндеу жасады

"Өздеріңізге белгілі болғандай, 6 ақпанда Түркияның Оңтістік-Шығыс аймағында орын алған жер сілкінісі салдарынан жарақат алған азаматтардың саны артып келеді. Осыған байланысты Түркия президенті елдегі жоғары оқу орындары (ЖОО) онлайн білім беруге көшірілетінін хабарлады. Бұл ретте, мемлекет меншігіндегі ЖОО-лардың жатақханалары зардап шеккен азаматтарды уақытша орналастыру үшін пайдаланылатын болады. Айта кетейік, Түркия билігінің бұл хабарландыруы жекеменшік пәтерде/жатақханада, жалға алынған пәтерде тұрып жатқан студенттерге қатысты емес. Онымен қоса, Түркияда тұрып, сабақты онлайн жалғастыра алады", - делінген Елшілік мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу