Түркияда өрт сөндірген қазақстандық құтқарушылар елге оралды

670

Құтқарушылар бүгін сағат 12.00-де  Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қонды. 

Түркияда өрт сөндірген қазақстандық құтқарушылар елге оралды

Әуежайда құтқарушыларды төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, туыстары мен достары қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.   

ТЖМ жеке құрамы өз алдына қойылған міндеттерді толық орындады. Орман алқабында тараған өртпен күресу үшін құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс жүргізді. Жұмыс басталғаннан бері орман өрттерінің ошақтарына барлығы 300 тоннадан астам су 80 рет жіберілді. Тікұшақтар Даламан қаласының маңында жұмыс істеді.   

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркияға орман өрттерімен күресу үшін Қазақстан ТЖМ күштері үш мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп, Каспий және Қара теңізі, Кавказ таулары арқылы 4500 шақырымды еңсерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу