Түркияда ортақ зираттар саны артты

1349

Түркияда жер сілкінісі құрбандарының көптігіне байланысты жаппай жерлеу орындары көбейіп келеді. 

Түркияда ортақ зираттар саны артты Фото: fakty.com.ua

Түркияның Газиантеп провинциясында, Сириямен шекарада, Нұрдағи зиратында көп ұзамай жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандарды жерлеуге орын қалмайды, , деп хабарлайды inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.

The Guardian өз материалында жүк көліктерінің әрқайсысында ондаған мәйіттер бар деп жазады – олар орын үнемдеу үшін бір-бірінің үстіне жатқызылған.

Нұрдағиде бес имам жаппай жерлеу рәсімін кейде бір уақытта ондаған құрбандар үшін өткізуге мәжбүр. Ал көрші ауылдар мен Ыстамбұлдан қаза тапқандарды жерлеу үшін табыттар әкелінді.

Полиция мен еріктілер туыстарына қайтыс болғандарды анықтауға және жерлеуге көмектесуде. Сонымен қатар белгісіз құрбандардан ДНҚ үлгілерін жинайды, өйткені оларды кейінірек туыстары таба алмай қалуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу