Таеквондодан Қазақстан құрамасының мүшесі Қайрат Сарымсақов Түркиядағы президент кубогінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
74 келіде сынға түскен Сарымсақов өз салмағында үздіктер қатарынан көрінді. Бір күн бұрын Ақсәуле Ерқасымова 67 келіде қола медаль иеленген болатын.
Азия ойындарының жүлдегері Нұрлан Мырзабаев 16-шы, Рахым Әділханов 22-ші, Ербол Бейсенбай мен Эльдар Бірімбай 32-ші орында.
Қазақстан құрамасының үздігі саналатын Жансель Дениз алғашқы бестікке енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу