Түркияда өткен футбол кезінде қазақстандық жанкүйерлер жаппай төбелесті

905

Жаппай төбелеске жанкүйерлер тұрған сектордың бір-бірінен алшақ болмауы себеп болуы мүмкін. 

Түркияда өткен футбол кезінде қазақстандық жанкүйерлер жаппай төбелесті Фото: видео скриншот

Анталияда алғаш рет Қазақстан суперкубогінің финалы өтті. Ойында шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл" кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спорттық шарада Түркияда тұратын отандастарымыз бен ойынға арнайы келген қазақстандық жанкүйерлер бас қосты. Екінші таймның ортасында трибунада басталған төбелес жанкүйерлердің бір-біріне орындық лақтыруына ұласқан. 

Жаппай төбелеске жанкүйерлер тұрған сектордың бір-бірінен алшақ болмауы себеп болған деседі.  

Ойын қорытындысы бойынша есеп 1:1 болып, матч тең аяқталды. Ал пенальтилер сериясының қорытындысы бойынша "Тобыл" 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу