Түркияның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 8,5 проценттен 15%-ке дейін көтерді. Бұл – Орталық банктің жуырда тағайындалған жаңа басшысы қабылдаған алғашқы шешім.
Сондай-ақ Хафизе Гайе Еркан "инфляция ауыздықталғанша мөлшерлеменің өсуі мүмкін екенін жасырмады. Сарапшылар Режеп Тайып Ердоғанның тағайындаған лауазым иелері ставканы 40%-ке дейін көтереді, деп болжаған.
Елде бағаның өсуі соңғы 24 жылдағы ең жоғары көрсеткіш яғни 85,5%-ға жетті. Жаңа үкіметке бағдарлама дайындып, экономикалық қиындықтарды еңсеру тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу