Түркияда президенттік сайлау 2023 жылы өтеді

973

Оппозиция мерзімінен бұрын сайлау өткізуді бірнеше рет талап еткен болатын.

Түркияда президенттік сайлау 2023 жылы өтеді

Түркияда президенттік сайлау 2023 жылы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлтшылдық қозғалыс партиясының жетекшісі Девлет Бахчели парламентте сөйлеген сөзінде мерзімінен бұрын сайлау болмайтынын мәлімдеді.

"Сайлау 2023 жылы өтеді. Бұл дода демократия мерекесі, республиканың жеңісі болады. Халық президентті сайлайды. Саяси тартыста Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетеді", – деді ол.

Түркия Президенті Ердоған басқаратын Ұлтшылдар партиясы мен Әділет және даму партиясы Халық кеңесіне кіреді. Бұған дейін кеңес елдің қазіргі басшысын президенттік сайлауда бірыңғай кандидат ретінде ұсынған болатын.

Оппозиция мерзімінен бұрын сайлау өткізуді бірнеше рет талап еткен болатын. Бірақ қазіргі билік саяси тартыстың жоспарланған мерзімде, яғни келесі жылдың маусым айында өтетінін мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу