Түркияда президенттік сайлау мерзімнен бұрын өтеді

888

Түркияда президенттік сайлау  мерзімнен бұрын өтеді

Түркияда президенттік және парламенттік сайлау межелі мерзімінен 1,5 жыл бұрын өтеді, деп хабарлайды 24.kz.

Ел президенті Реджеп Тайип Ердоған Ұлттық қозғалыс партиясының басшысы Девлет Бахчелимен кездесуден кейін осындай шешім қабылдаған.

Саяси дода биылғы жылдың 24 маусымына белгіленді. Оның айтуынша, бұл шешім Түркияның президенттік басқару жүйесіне ауысуын жеделдету үшін қабылданып отыр.

Айта кетейік, жоғарғы сайлау комиссиясы осы шараға орай дайындық жұмыстарына қызу кірісіп кетті.

"Еліміздегі басқару жүйесін өзгерту Түркияның болашағы үшін керек. Ол үшін мерзімінен бұрын сайлау өткізуді жөн көрдік. Саяси дода 2018 жылдың 24 маусымында өтеді", - дейді Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу