Түркияда референдум өтіп жатыр

1275

Түркияда референдум өтіп жатыр

Түркияның 32 шығыс провинциясында, орталықтағы және батыстағы 49 провинцияда Президенттік басқару жүйесіне ауысуды көздейтін конституциялық өзгерістер пакеті бойынша референдумда дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылды. Дауыс беру 08.00-де басталып, 17.00-ге дейін созылады, деп жазады РИА Новости-ге сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

Референдумда 167140 сайлау учаскесінде 55,3 миллион  түрік азаматы дауыс береді.   Бұдан басқа, түрмелерде 461 сайлау учаскесі құрылды.  Шетелде тұратын Түрік азаматтары мерзімінен бұрын дауыс беріп қойған.  Президенттік жүйеге көшу бойынша конституциялық өзгерістерді бұдан бұрын Түркия парламенті мақұлдап, Режеп Тайып Ердоған қол қойған.   Әділдік және даму басқарушы партиясынан сайланған парламент депутаттары, Ұлттық қозғалыс партиясынан сайланған депутаттардың басым бөлігі жобаны қолдады. Сонымен қатар оппозициялық партия ретінде - сол орталықшыл халықтық-республикалық партия және күрдтердің халықтық-демократиялық партиясы Эрдоғанды жеке билік орнатуға тырысқаны үшін айыптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу