Түркия полициясы ресей азаматшасы Екатерина Б-ны ресей елшісі Андрей Карловтың өліміне қатысы болуы мүмкін деп қамауға алды. Бұл туралы Haber телеарнасына сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды.
Оның өткен жылдың қараша айында ресей елшісін өлтірген Мевлют Мерт Алтыншашқа, сондай-ақ Анкарадағы Ресей мәдениеті орталығына телефон шалғаны атап көрсетілген. Тергеу барысында ол Алтыншашпен мессенджерде хат жазу арқылы байланысқанын мойындады.
Saban газетінің ақпарында 33 жастағы Екатерина Анкарадағы қонақүйлерде жергілікті ірі бизнесмендерге жеңгетай болғаны жазылған.
Дәл қазіргі уақытта ресей азаматшасы сот шешімі бойынша Анкараның бір түрмесінде отыр.
Ресей Федерациясы БАҚ-та жария болған ақпаратты растауға ресми сауал жолдады. Бұл туралы ТАСС тілшісіне Анкарадағы Ресей елшілігінің баспасөз өкілі Ирина Касимоваға хабарлады.
"Түркия тарабынан әзірге жауап алған жоқпыз", – деді ол.
Андрей Карлов 2016 жылдың 19 желтоқсаны күні кешке Анкарадағы сурет көрмесінің ашылуы кезінде сөз сөйлеп тұрғанда өлтірілген. Оған шабуыл жасаған полицей Мевлют Мерт Алтыншаш ұсталды. РФ ІІМ оқиғаны лаңкестік деп, РФ тергеу комитеті "Халықаралық лаңкестік актісі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.