Бұл туралы Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияров брифинг барысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадиярова жағдайына келсек, ол қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында. Кеше оған зақымдалған қолына ота жасалды", - деді СІМ өкілі.
Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалаған. Дипломаттар емдеушілермен тұрақты байланыста. Ертең оған елші жеке барып қайтатыны хабарланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу