Түркияның Кыркларелі қаласында орын алған толассыз жаңбыр салдарынан екі адам қаза тауып, төрт адам із түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Inbusıness.kz trt.haber-ге сілтеме жасап.
Кыркларелінің Демиркөй ауданы мен Игнеада қалашығында таңертең басталған толассыз жаңбырдың соңы селге ұласты. Кыркларелі губернаторы Бирол Экижи Демиркөйде су тасқыны кезінде 2 адамның мәйіті табылғанын, ал 4 адамды іздестіру-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.
Игнеададағы туристік нысандағы көптеген бунгало үйлерін су тасқыны сүйреп кетті.
Сондай-ақ, өңірде орманда қалып қойған екі адам құтқарушы топтың күшімен құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу