Түркияда шахтада болған жарылыстан 25 адам қаза тапты

858

11 адам дәрігерлердің бақылауында, деп жазады inbusiness.kz  Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда шахтада болған жарылыстан 25 адам қаза тапты

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Амасрадағы шахтада болған жарылыстан 25 кеншінің қаза тапқанын айтты.

Министр әзірге 11 адам дәрігерлердің бақылауында екенін айтты.

Фахреттин Кожа әлеуметтік желіде былай деп жазды:

"Өкінішке орай, Бартында қаза тапқандар саны 25 адамға жетті. 11 жаралы емделіп жатыр. Олардың 1-інің жағдайы ауыр, жаралылардың 4-уі жансақтау бөлімінде жатыр. 6 кенші жедел жәрдеммен Ыстамбұл қалалық ауруханасының күйік орталығына жеткізілді".

Еске салар болсақ, Түркияның солтүстігіндегі Бартын қаласындағы шахтада жарылыс болып, 40-тан аса адам жер астында қалып қойған. Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу