Түркияда шетелдіктер енді саусақ іздерін тапсыруы мүмкін

252

Жаңа жүйенің қашан енгізілетіні әзірге белгісіз.

Түркияда шетелдіктер енді саусақ іздерін тапсыруы мүмкін Фото: Shutterstock

Анкара заңсыз көші-қонмен күресу үшін АҚШ пен Ұлыбритания сияқты бақылау жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликай айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің мәліметінше, қазір Түркияда 4,44 млн мигрант тіркелген, оның 3,1 млн-ы Сирияның азаматтары. Бұдан бөлек уақытша қорғау мәртебесін алғандардың жеке куәліктерін чиптеу жоспарланып отыр.

Жаңа жүйе елге келетін заңсыз мигранттармен күресуге бағытталған.

Шілде айының басында Түркия парламенті азаматтық авиация туралы заңға түзетулер енгізді. Оның ішінде әуежайларда жолаушыларды тексеру ресімдерін күшейту де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу