Түркияда сириялық жетім балаларға арнайы қала тұрғызылды, деп хабарлайды kazislam.kz.
Жетім балаларға арнайы салынған бұл қала шамамен 1000 балаға есептелген. Қала Түркияның Рейханлы ауданына қарасты Хатай провинциясымен шекараласады.
Қалашықта 55 вилла бар, оның әрбіріне 18 бала орналастырылады. Балалар жасы мен жынысына қарай топ-топқа бөлініп, оларға арнайы тәлім-тәрбие беретін 330 маман жұмыс істейді. Қалада сириялық жетім балалардың өмір сүруіне барлық жағдай жасалмақ. Нысан Түркияның Отбасы және әлеуметтік саясат мәселесі министрлігі, Катар шейхы Абдулла бин Танидың қайырымдылық қоры, IHH түрік қайырымдылық қоры, сондай-ақ, Малайзия, Индонезия, ОАР, Польша және Ұлыбритания мемлекеттерінің үкіметтік емес ұйымдарының атсалысуымен тұрғызылған. Оның құрылысына 22 миллион АҚШ доллары жұмсалды.