Түркияда соңғы 10 күнде 40 провинцияда 203 орман өрті шықты.
Түркияның ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы Twitter парақшасында елдегі орман өртіне қатысты жазба жариялады. Онда министр орман өртіне себепкер болғандар жазадан құтыла алмайтынын ескертті.
Оның айтуынша, соңғы 10 күнде 40 провинцияда 203 орман өрті орын тіркелген.
"Әрбір орман өртінде тек ағаштар өртеніп қана қоймай, бүкіл экожүйе жойылады. Бұл қылмысқа себеп болмай, жасыл Отанымызды бірге қорғайық. Орман өртін тудырғандарға маңызды санкциялар бар екенін ұмытпайық", - деп жазба қалдырған министр.
Анадолы агенттігі жариялаған материалда егер орманды қасақана өртеген болса, он жылға дейін бас бостандығынан айырылады және 1000 күннен 10 мың тәулікке дейін айыппұл салынуы мүмкін делінген. Ал мемлекет қауіпсіздігіне қарсы құрылған ұйымның қызметі аясында орманды өртеу қылмысына қатысы барлар өмір бойына бас бостандығынан айырылып, оларға 20 мың тәуліктен 25 мың тәулікке дейін айыппұл салынуы мүмкін.