Түркияда су тасқынынан 15 адам қаза тапты

944

Табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны артуда. 

Түркияда су тасқынынан 15 адам қаза тапты Фото: sabah.com

Жер сілкінісі болған аймақта толассыз жауған жаңбыр кісі өліміне әкелді. Су тасқынынан Шанлыурфа қаласында 13, ал Адыяманда 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Осыдан қырық күн бұрынғы зілзаладан есін жыя алмай жатқан Түркия халқы енді су тасқынымен күресіп жатыр. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан жүздеген үй мен көлік су астында қалды. Үйлерін су басқан Шанлыурфа тұрғындары жатақханаларға орналастырылды. Жергілікті ақпарат жариялаған соңғы мәлімет бойынша 15 адам қаза тауып, 5 кісі іздестіріліп жатыр. Су тасқыны болған аймақтарда мектептер екі күнге жабылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу