Түркияда су тасқынынан 5 адам қаза тапты

915

Адыяман және Шанлыурфа қалаларында су тасқыны болды. 

Түркияда су тасқынынан 5 адам қаза тапты Фото: APA.AZ

Жақында ғана зілзаладан зардап шеккен аймақтарда енді су тасқыны. Табиғи апат салдарынан Шанлыурфада 4,  Адыяманда 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды İnbusiness.kz.

Ішкі істер министрінің хабарлауынша қайтыс болғандар арасында бір жарым жастағы бала да бар. Сонымен қатар барлығы 10 адам жоғалып кетті. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ министр Сойлу бірнеше күннен бері ескерту жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Ал метеорология жөніндегі кеңесші Орхан Шен бүгін ең қауіпті күн екенін ескертті. Метеорология күтілетін нөсер жаңбырға байланысты Адыяман, Диярбакыр, Элазыг, Малатья, Мардин және Шанлыурфаға қызғылт сары түсті ескерту жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу