Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 13-ке жетті

663

Жер сілкінісі аймағында су тасқыны болып, халықты әбігерге түсірді.

Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 13-ке жетті Фото: Anadolu Agency

Табиғи апат салдарынан Шанлыурфада 11, Адыяманда 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды İnbusiness.kz сайты.

Адыяманның Тут ауданында толассыз жауған жаңбыр нәтижесінде бақшаға орнатылған контейнерді су алып, 2 адам қаза тапты, ал 1 адам із түзсіз жоғалып кетті. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу "Қазіргі уақытта 163 адамнан тұратын 10 топ 25 шақырымдық жолақта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар сүңгуірлер де жұмылдырылған. Алайда қолайсыз ауа-райы мүмкіндік бермей жатыр”, - деді.

Метеорология мамандары зілзала аймағындағы су тасқыны бүгін түнге дейін жалғасатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу