Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 18-ге жетті

859

Ішкі істер министрі Сойлу су тасқыны аймағындағы соңғы жағдайлармен бөлісті.

Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 18-ге жетті Фото: t24.com.tr

Табиғи апат салдарынан Шанлыурфада 16, Адыяманда 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды İnbusiness.kz сайты trt.haber-е сілтеме жасап.

Түркияның Шанлыурфа және Адыяман қалаларында соңғы күндері толассыз жауған жаңбыр тұрғындардың әбден берекесін қашырды. Зілзаладан есін жия алмай отырған халыққа жығылғанға жұдырық болды. Ішкі істер министрінің хабарлауынша бүгінге дейін екі қалада 18 адам қаза тапты. 

- Шанлыурфа тұрғындарына айтарым суға кәріз суы қосылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұнда құбырға келетін бірінші су біз айтқанға дейін тек тұрмыстық су ретінде қарастырылсын. Ертең таңғы сағат 5-тен бастап тазартылған су жүйеге беріле бастайды, - деді Сойлу. 

Сонымен қатар Бозова және Тут аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу