Түркия билігі дүниежізілік ЮНЕСКО мұрасы есептелетін Құтқарушы Христ шіркеуі орналасқан Ыстамбұлдағы Хора монастыріне мешіт мәртебесін берді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Бұл монастырь Комниндер императорлары дәуіріне тиесілі византиялық ескерткіштердің бірі. Жақында ғана Ыстамбұлдағы Әулие София храмы мешітке айналған еді. Енді Христ шіркеуіне де дәл сондай жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Хора монастырі 534 жылы салынған. Ол Ыстамбұл Фатих ауданында орналасқан. Ғимарат 1511 жылы Кахрие мешіті болып жарияланды. 1945 жылы оған музей мәртебесі берілген.
Табиғат Нұрболат
Фото: globallookpress.com
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу