Түркия уақытымен бүгін сағат 12-ден кете 5,6 балдық жер сілкінісі болды, эпицентрі Малатьяның Йешилюрт ауданы. Зілзаладан бір адам қаза тауып, 110 адам жарақат алды. 2 ғимаратта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайтының Анкарадағы тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жер сілкінісі Малатьямен қатар Қахраманмараш, Газиантеп, Адыяман және Шанлыурфа провинцияларында да сезілді. Зілзала салдарынан кейбір ғимараттарда ойықтар пайда болды. Жер асты дүмпуінен кейін азаматтар алаңдарға жиналды.
Апат және төтенше жағдайлар бас директоры Орхан Татар жер сілкінісінің жалғасатынын мәлімдеді.
-"Осы уақытқа дейін 5-6 балдық 45 кейінгі дүмпу тіркелді. Бүгін болған жер сілкінісі де осы үлкен жер сілкіністері болған жүйенің ішінде. Осы уақытқа дейін 10 мың 282 кейінгі дүмпу болды. Бұдан кейін ауылдық жерлерде тас құлау қаупі болуы мүмкін".
Қатты бүлінген ғимараттан қажет заттарын алуға кірген әкесі мен қызы үйінді астында қалған. Іздеу-құтқару жұмыстарынан кейін үйінді астында қалған екі адам құтқарылды.
Қираған ғимарат саны 29, ал 2 ғимаратта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 32 азамат құтқарылды.