Түркияда тағы да жер сілкінді

2493

7,7 және 7,6 балдық зілзаладан соң кейінгі дүмпулер қайталанып жатыр. 

Түркияда тағы да жер сілкінді Фото: yandex.kz

Жер сілкінісінің ошағы Қахраманмарашта бүгін Түркия уақытымен сағат 16:10-да 4,4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның бірқатар қаласында кейінгі дүмпулер қайталанып жатыр. Бүгін зілзала ошағы Қахраманмарашта дүмпу тіркелді. Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Нұрхақ ауданында сағат 16:10-да 4,4 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі - 15,5 шақырым.

Айта кетейік, 6 ақпан күні Қахраманмарашта болған жер сілкінісінен 50 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу