Түркияда тағы екі жер сілкінісі болды

1358

Оңтүстіктегі Хатай провинциясында 6,4 және 5,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

Түркияда тағы екі жер сілкінісі болды Фото: аa.com.tr

Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында екі рет жер сілкінісі болды, деп inbusiness.kz Anadolu сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
 

"3 адам қаза тауып, 213 адам жарақатпен ауруханаға жатқызылды",– деп хабарлады Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу.

Оның айтуынша, қираған үш ғимараттың үйінділері арасында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Магнитудасы 6,4 болатын бірінші дүмпу жергілікті уақыт бойынша 20:04-те, екіншісі 5,8 магнитудасы 20:07-де тіркелді.

Жер сілкінісінің ошақтары сәйкесінше Дефне және Самандаг аймақтарында болды.

Бірінші жер сілкінісінің ошағы 16,7 км, екіншісі 7 км тереңдікте болған.

Жер сілкінісі көршілес провинцияларда, сондай-ақ Сирия, Ливан, Иордания, Ирак, Палестина және Израильде сезілді.

Түркия вице-президенті Фуат Октай тұрғындарды зардап шеккен ғимараттарға жақындамауға шақырды.

Ал AFAD бүгін Хатай провинциясында болған жер сілкінісінен кейін жарияланған теңіз деңгейінің көтерілуі туралы ескертудің жойылғанын жариялады.

Агенттіктің хабарлауынша, эпицентрі Дефне аймағында болған 6,4 балдық жер сілкінісі 32 афтершокқа ұласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу