Түркияда тағы жер сілкінді

830

Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,3. Құрбандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.  

Түркияда тағы жер сілкінді Фото: yandex.kz

Бейсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Апат туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету басқармасы (AFAD) хабарлады.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 08:45-те (Астана уақыты бойынша 11.45 – ред.) тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Оникишубат ауданында болды. Қайнар көзі 6,94 км тереңдікте жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу