Түркияда туристерге баспананы жалға беру ережесі қатаңдатылды

Заңды бұзғандарға айыппұл қарастырылған. 

Түркияда туристерге баспананы жалға беру ережесі қатаңдатылды Фото: РБК

Түркия туристерге баспананы жалға беру ережелеріне өзгеріс енгізді. Енді ол үшін үй иесі арнайы рұқсат алуы қажет.

Бұл туралы Resmi Gazete басылымы хабарлады.

Енді 100 күннен аз мерзімге тұрғын үйді жалға беру үшін Туризм министрлігінің рұқсаты қажет. Ережені бұзған баспана иесіне 100 мың түрік лирасы (1,65 млн теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Алғашқы айыппұлдан кейін заңсыз жалға беру фактісі анықталса үй иелеріне 1 млн лира (16,5 млн теңге) айыппұл қарастырылған.

"Туристік мақсатта тұрғын үйді жалға беру үшін туристік жалға алу шартын жасамас бұрын рұқсат алу қажет. Егер пәтер иесі туристерге көпқабатты үйде орналасқан пәтерді жалға берсе, ол ғимараттың барлық тұрғындарының келісімін алуы керек", - деп жазылған заңда.

Жаңа талаптар 100 күннен астам мерзімге жалға берілетін тұрғын үйлерге қолданылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу