Түркияның Қараман қаласында туристер мінген автобус бір үйдің бақшасында аударылып, нәтижесінде 26 адам жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Әзірге жүргізушісі анықталмаған туристік автобус қаладағы Ахмет Келешоғлу мәдени орталығының артындағы еңіске көтеріле алмаған.
Артқа сырғанап, басқарудан шығып кеткен автобус бір үйдің бақшасында аударылып қалды.
Көлік жүргізушісін қоса алғанда 26 адам жарақат алды. Ерменек ауруханасына жеткізілген жаралылардың үшеуінің өміріне қауіп төніп тұр делінген хабарда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу