Түркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылды

500

Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Хатай провинциясында үйінді астынан отандасымыздың денесін тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылды

Түркияда денесі табылған адамның Әділ Қадырбеков екені анықталды.

"ҚР Сыртқы істер министрлігі мәйіттердің Отанына жеткізілуіне барынша қолдау көрсетеді. Біздің құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге Мірболат Құрмашевты іздестіру үстінде",-деді Айбек Смадияров.

Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Іздеу объектісі - толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады.
Жедел ақпарат бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды.

Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.

Бұған дейін біздің құтқарушыларымыз осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу