Түркияда үкіметке қарсы шеру болды

1009

Түркияда үкіметке қарсы шеру болды

Түркияның Ыстамбұл қаласында ел президенті Режеп Тайып Ердоған үкіметіне қарсы шеру болды деп хабарлайды qazaqtimes.com.

"Әділдік маршы" деп аталатын шеру ел Астанасы Анкарада 15 маусым күні басталып, ереуілге қатысушылар 400 шақырым жаяу жол жүріп Ыстамбұл қаласының орталық алаңына дейін барған. 
Шеруді Түркия халықтық республикалық партиясы ұйымдастырған. Партия басшысы Кемаль Клычтароглуның айтуынша, ереуілді ұйымдастырудағы басты себеп, партия мүшесі Енис Бербероглуның жазықсыздан-жазықсыз 25 жылға сотталуы және мыңдаған адамның себепсізден жұмыстан қуылуы болған. Ал ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия халықтық республикалық партиясының бұл ісін шектен шығу деп бағалап, оларды террористік ұйымдармен байланыстары бар деп айыптаған.

Естеріңізге салайық, парламент депутаты Енис Бербероглу Сириямен шекаралық аймақта Түркия барлау қызметіне тиесілі жүк көліктерін тінту жөнінде БАҚ өкілдеріне айтып берді деп айыпталып, 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал былтыр елде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деген күдікпен Түркия бойынша 140 мың адам жұмыстан шығарылып, 50 мыңнан астам адам қамауға алынған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу