Түркияда Украинадағы қантөгістің аяқталу шарттары белгіленді

850

Ресей Федерациясы мен Украина соғысындағы ұзақ мерзімді бейбітшілік Мәскеу мен Батыс арасындағы жаңа ауқымды келісім жағдайында ғана мүмкін болады. 

Түркияда Украинадағы қантөгістің аяқталу шарттары белгіленді Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Мұндай ойды Түркияның сыртқы саясаты тақырыбындағы конференция барысында Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Қалын білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Ол Ресей-Украина соғысын екі мемлекеттің қарсыласу тұрғысынан ғана қабылдауға болмайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, Украинада болып жатқан оқиғалар Ресей мен Батыс күштерінің бақталастығының салдары.

Түрік басшысының баспасөз хатшысы халықаралық қоғамдастыққа және тікелей Батыс елдеріне үндеу жолдады:

"Украинадағы соғысты тоқтатуға барынша күш салайық. Бұл соғыстың жалғасуы және оның аясын кеңейту жаһандық апатқа әкеледі. Бұл соғысты тоқтатып, дипломатияға басымдық беру маңызды. Келіссөздер үстеліне тараптарды отырғызу үшін күш салу қажет. Соғысқа емес, бейбітшілікке бет бұру керек!".

Ол Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоған бұл мәселеде шешуші рөл атқаруға дайын екендерін білдірді.

Қалын президент Ердоған атынан Түркия басшылығы Украинадағы қантөгісті тоқтатуға барын салғанын еске салып, Анкараның бұл бағыттағы белсенді талпынысы жалғасатынына сендірді.

Президент баспасөз хатшысы Украинада тағы он мыңдаған адамның өліміне жол бермеу керек екенін атап өтті.

"Соғысты жалғастырудың орнына, үш-бес жылдық бейбіт келіссөздердің нұсқасына тоқталайық. Ең бастысы, қантөгісті тоқтатайық. Қазіргі жағдайды ескере отырып, диалогты ілгерілету мүмкіндіктерін талқылаймыз", - деді Қалын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу