Түркияда Укрина мен Әзербайжан азаматтары мінген кеме суға кетті

720

Ресейдің Түркиядағы елшілігі кемеде ресейліктер болмағандығын жария етті. 

Түркияда Укрина мен Әзербайжан азаматтары мінген кеме суға кетті

Түркияда, Қара теңіз жағалауында, Самсун қаласының маңында Панама мемлекетінің туы тігілген көмір тасымалдаушы кеме суға батып кетті, деп хабарлайды Анадолу агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат.  

Кемеде 13 адам болған. Олардың 9-ы Укрина, екеуі Әзербайжан, тағы екеуі Ресей азаматтары. 6 адам қайтыс болып, 7 адам құтқарылып жергілікті ауруханаға жеткізілді. Алайда Ресейдің Түркиядағы елшілігі кемеде ол елдің азаматтары болмағандығын жария етті.

ТАСС агентігінің жазуынша, кемеде 11 Украина және 2 Әзербайжан азаматы ғана болған. Құтқару жұмыстарына қайық пен тікұшақ жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу