Түркияда университет оқытушысы төрт әріптесін атып тастады

784

Түркияда университет оқытушысы төрт әріптесін атып тастады

Түркияның Ескішеһир қаласындағы Османгази университетінде тапа-тал түсте оқ атылды. Осы жоғары оқу орнының педагогика факультетінің қызметкері Волкан Баяр өзінің 4 әріптесін тапаншамен атып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Салдарынан деканның орынбасары, хатшы мен екі методист алған ауыр жарақатына байланысты оқиға орнында жан тапсырды. Қаскүнемді мұндай жантүршігерлік әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Алайда полиция Волкан Баярды ізін суытпай қолға түсірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу